Мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландырудың жаңа форматы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
Мектепке дейінгі білім беру саласында ваучерлік қаржыландыру бойынша жаңа жоба енгізілуде, оның шеңберінде кезекке қоюдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге дейін барлық рәсімдер толық қайта қаралды. Бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың жаңа схемасы, ол балаға ақшалай қаражатты анықтауды және бекітуді, содан кейін қаражатты мектепке дейінгі білім беру ұйымына жеткізуді қамтиды.
Жүйе негізінде «ақша баланың соңынан жүреді» тұжырымы жатыр. Енді ата-аналар кез-келген балабақшада қолдана алатын мемлекеттік ваучер алады. Бұл тәсіл ата-аналарға балалары үшін ең жақсы балабақшаны таңдауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жаңа қағиданы енгізу балалардың бір бақшадан екіншісіне еркін ауысуын, яғни қаржыландырудың бірге өтуін, мектепке дейінгі мекемелер үшін еңбек шығындарының едәуір қысқаруын және жаңа мекемелердің жүйеге оңай кіруін көздейді.
Ваучерлік қаржыландыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын балалардың барлық контингенті қатысады. Бұрын білім беру тапсырысын алған және бақшаға баратын балалар автоматты түрде ваучерлік қаржыландыруға ауыстырылады. Ваучерлік қаржыландыруды енгізу арқылы барлық балалар ваучер иелері болады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған барлық мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыруға қолжетімділік бар. Бұдан басқа, пилоттық жоба шеңберінде жаңа мектепке дейінгі ұйымдардың жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінуіне қарамастан, жергілікті атқарушы орган бекітетін тізбеге кіру мүмкіндігі көзделген.
Тетік мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың екі түрін көздейді, олардың әрқайсысына қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады:
- виртуалды ваучер мемлекеттік тапсырыс мектепке дейінгі ұйымға орналастырылған кезде жүзеге асырылады;
- қаржылық ваучер мемлекеттік білім беру тапсырысының қаражаты ата-ананың ЕДБ-де баланың атына ашқан банктік шотына аударылған және одан әрі мектепке дейінгі ұйымның шотына аударылған кезде жүзеге асырылады.
Қаржылық ваучер (балалардың банктік шоттары арқылы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу) ерікті негізде іске асырылады. Яғни, банк шоты ата-ананың өзі тілек білдірген жағдайда ғана ашылады.
Ваучер алғаннан кейін ата-ана мемлекеттік тапсырыстың бекітілген көлеміне қарамастан, балабақшаны өз бетінше таңдауға құқылы, егер бақшада бос орын болса, ата-ана шарт жасасады.
Қаржыландыру баланың балабақшаға бару фактісі бойынша жүзеге асырылатынын атап өту маңызды. Ата-ана ақпараттық жүйеде сабаққа қатысу табелін ай сайын растауға міндеттенеді.
Бұл әрекеттер әр айдың 1-ден 15-не дейін жүзеге асырылады. Егер ата-ана баланың қатысуы туралы дұрыс емес деректері бар табельді растаған жағдайда, бұл бюджет қаражатының ысырап болуына әкеп соғуы мүмкін, бұл ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Ваучерлік қаржыландыруды басқаруды «Қаржы орталығы» АҚ жүзеге асырады, ал Indigo жүйесі банктер, ұлттық білім беру платформасы және басқа ведомстволар арасында деректер алмасуды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда Тараз қаласында мектепке дейінгі ұйымдарында қаржыландырудың осы форматы пилоттық режимде тестіленуде. Қалада 153 мектепке дейінгі ұйым бар. Балабақшаларда 20 мыңға жуық бала есептеледі, олардың 7 мыңы ваучер алу кезегін күтуде. Ата-аналар қазірдің өзінде қаржыландырудың жаңа механизмі бойынша ваучер алуда.
Сонымен қатар, электронды өтініш беру, табельді толтыру, мектепке дейінгі ұйымға қабылдау және т.б. мәселелер бойынша ата-аналарға арналған нұсқаулықтың бірқатар бейне сабақтарын әзірледі.
1. Ата-ананың табельді тексеру және қол қою жөніндегі нұсқаулығы:
- Ваучердің кезегіне қоюға электрондық өтініш беру
Ваучердің кезегіне баланы қою үшін INDIGO жүйесінде электрондық өтінішті беру жөніндегі нұсқаулық (ваучерді күту және кейіннен мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін)
- Ваучер алғаннан кейін мектепке дейінгі ұйымға қабылдау
Ваучер автоматты түрде берілгеннен кейін баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін INDIGO жүйесіндегі іс-қимылдар реті туралы нұсқаулық (қабылдау процесіндегі негізгі қадамдар: балабақшаны таңдау, құжаттарды дайындау, электрондық шарт жасасу).
- Шарт жасасу үшін мектепке дейінгі ұйымды таңдау
Мектепке дейінгі ұйымды және топты таңдау (резервке тұру) жөніндегі нұсқаулық (кейіннен медициналық құжаттарды жинау және ата-ана мен балабақша арасында электрондық шартты жасасу үшін топтағы орындарды броньдау үшін қажет)
- Шарт жасасу процесінде эскроу-шот ашу
Мектепке дейінгі ұйыммен электрондық шарт жасасу процесінде балаға банктік эскроу-шот ашу жөніндегі нұсқаулық (нұсқаулықтар шарт жасасу процесі және эскроу-шотты қашықтан ашу жолдары көрсетілген)
Қосымша ақпарат:
«Қаржы орталығы» АҚ, Астана қ.
Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаменті
Саметова Д.С.
8707 207 67 40
т/ф. +7 (7172) 69 51 27