КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Заречная көшесі, №9.
Пошталық мекен – жайы:detskysad23@inbox.ru
Телефон нөмірі: 8(7262) 46-70-08
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№23 «Жас даурен» бөбекжай – бақшасы» МКҚК».
Тұрақты бос лауазым атауы:логопед.
Еңбек ақы мөлшері:1,0 штаттық бірлік – 100000 ( Жүз мыңнан астам).
Негізгі функционалдық міндеттері:
- Мекемеде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқауына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асырады;
2. Балаларға алғашқы көмек көрсетеді;
3. Балалардың психикалық және дене дамуына, денсаулығын нығайтуға әсер ететін кешенді іс – шараларды үнемі мед.бикемен бірлесе атқарады;
4. Балабақшаның басқа да қызметкерлерімен оқу – тәрбие үрдісін жүзеге асыру жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
5. Оқу іс – әрекетіне жан – жақты дайындалады;
6. Топта тәрбиелеу мен білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуына жағдай жасайды;
7. Ұйымдасқан түрде балаларды келесі ауысымдағы тәрбиешіге тапсырады;
8. Балабақша меңгерушісі мен мед.бикеге баланың денсаулығының өзгерістері жайлы дер кезінде хабарлайды. Балалардың қатысу табелін жүргізеді;
9. Балабақшаджа жүргізілетін аурудың алдын – алу егулері жайлы ата – аналармен жұмыс жүргізеді;
10.Балабақшаға жаңадан келген балалардың бейімделуіне көмектеседі;
11.Күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды;
12.Балабақшада өтілетін педагогикалық кеңестер, семинарларға қатысады. Озық іс – тәжірибесін ендіреді;
- Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша «Логопед-дефектолог», жоғары білімді.
Құжат тізбесі:
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
-Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет;
-Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
-Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
-«Десаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
-Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
-Наркологиялық ұйымнан анықтама;
-Біліктілік тестілеу сертификаты;
- Түйіндеме.
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 01.09 – 12.09.2022 ж.