"Бала біздің болашағымыз" Мақсаты: ұсақ қол мотрикасын дамыту. » №23 "Жас даурен"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№23 "Жас даурен" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бала біздің болашағымыз" Мақсаты: ұсақ қол мотрикасын дамыту.
20
июнь
2019

"Бала біздің болашағымыз" Мақсаты: ұсақ қол мотрикасын дамыту.

Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсіргені күмән туғызбайды. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін, - десе, Болашақ ұрпақ жайында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауында: « Қазіргі заманда кез - келген мемлекеттің тыныс тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты - адамдардың өздері, олардың ерік - жігері, қажыры, білімі болып табылады. Ата - аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын ХХl ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет»- деп көрсетті. Ал тәрбие дегенге М. Жұмабаев: «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру»- деген екен. Сонда бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы қалыптасатын күрделі іс. Бала қамын ойлаған бабаларымыздың айтқандарынан түйгеніміз - қай қоғамның болсын көтерген мәселесі – бала жанына ізгілік дәнін егу. Себебі бала - өмірдің жалғасы, мәні мен сәні. Сондықтан да халық баланы көңілдің гүлі, көздің нұры деп ұққан. Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым - профессор Б. Кенжебаев: «Бала – біздің болашағымыз. Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Қазақта «Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілер» - деген мәтел бар.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив