"Түрлі түсті шарлар" » №23 "Жас даурен"
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№23 "Жас дәурен" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Түрлі түсті шарлар"
21
июнь
2019

"Түрлі түсті шарлар"

МақсатыБалалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін тиянақтау, тіл байлықтарын, ой-өрісін, грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге, тапсырма орындату кезінде ұсақ қол моторикасын дамыту. Балаларға түстерге байланысты ұғым қалыптастыру. Баланы сезімталдыққа, адамгершілікке, салауатты, инабатты болуға тәрбиелеу. 1,2,3 сандарын заттармен сәйкестендіруге одан ары қарай жетілдіру, оқу қызметі мақсатын түсінуге және тапсырмаларды дербес орындауға дағдыларын қалыптастыру.

– Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге қонақтар келді.
Бәріміз «Шаттық шеңберге» тұрып, қолдарымыздан ұстап, келген қонақтармен амандасып алайық.
– Сәлеметсіздер ме, балалар!
– Здраствуйте дети!
– Hello children!
– Балалар шеңбер бойында тұрып, қонақтармен 3 тілде амандасады.
– Балалар, қараңыздаршы біз қандай геометриялық пішін жасап тұрмыз?
– Дөңгелек.
– Дұрыс айтасыңдар. (дөңгелек)
– Айналамызға қарайықшы (қоршаған ортаға). Қалай ойлайсыңдар, дөңгелекке ұқсас не көріп тұрсыңдар?
– Балалар жауаптары: доп, күн, шар т.б.
– Шарды біз қай уақытта пайдаланамыз?
– Ойын кезінде, мереке күндері безендіру үшін пайдаланамыз.
– Балалар, мынау шар. Шар резинадан жасалады. Шарға химиялық қоспалар қосып, түрлі-түсті бояулармен бояйды. Шарды үрлесек, созылады, үрілген шардың іші толы ауа болады, шарды қатты қыссақ, қысыммен жарылады, ине тықсақ, қатты тарс етіп жарылады.
– Қане, бәріміз ортаға жиналып, ауаға толы шар болып үрлейікші.
– Балалар ортаға жиналып, ашылады.
Ғажайып сәт:
Есік қағылып, топқа сайқымазақ жүгіріп кіріп, Тентекгүлден қашып айнала жүгіреді, Тентекгүл сайқымазақтың шарын жарып тастайды, Сайқымазақ отыра қап жылайды.
Балалар қызығушылықтарын білдіреді.
– Тентекгүл, сен неге Сайқымазақтың шарын жарып тастадың?
Тентекгүл: -Сайқымазақ мені өз мейрамына алып барғысы келмейді. Енді ол мейрамға шарларсыз бара алмайды.
– Балалар, Тентекгүлдің бұл ісі дұрыс па? – Жоқ.
– Сайқымазақ сен жылама, біз саған қазір түрлі-түсті шардың суретін салып береміз.
– Сен бізге уәде бересің бе?
Сайқымазақ: – Иә, қандай?
-Сен Тентекгүлді өз мерекеңе алып барасың ба?
Сайқымазақ: – Иә.
– Балалар, қараңыздаршы, Сайқымазақтың қолында неше шар бар?
Балалар: – Үшеу.
– Қане санайықшы, түстерін 3 тілде айтайықшы.
Балалар: -Сары, желтый, yeellow.-көк, синий, blue. – қызыл, красный, red.
– Біздің балалар – қолдарынан өнер тамған суретшілер, қазір біз сіздерге арнап түрлі-түсті шарлардың суретін салып береміз.
– Ең алдымен шардың суретін ауада салайық.
– Балалар қайталап, ауада сурет салады.
Бой сергіту: «Кім тез үрлейді?» дидактикалық ойын.
(Ауада қолдарымен шарды бейнелеп, көздеріне елестете үрлейді)
– Балалар тыныс алу жаттығуларын жасайды. Пішіндерін домалақ, сопақ, ұзын, ирек етіп, сурет салады.
– Қолымызға карындашты алып, ең алдымен сол жаққа, қағаздың ортасына, оң жағына шардың суретін салып аламыз, үрілген шарды жіппен байлап, жіптің суретін саламыз, енді шарды толығымен, өзімізге ұнаған бояумен бояймыз.
– Балалар жұмысқа кіріседі, Сайқымазақ пен Тентекгүл көмектеседі.
– Жұмысымыз аяқталса, шарларымызды жинап, Сайқымазақ пен Тентекгүлге берейік.
– Балалар жақсы көңіл күймен Тентекгүлге береді.
Тентекгүл: – Балалар, менде өзіммен бірге алып жүрген сиқырлы сандығым бар, сендердің суреттеріңді мен сиқырлы сандықшаға салып, сиқырлайын. Ақалай, мақалай, міне, оппа деп Сайқымазақ 3 түрлі-түсті шарды, сандықшаның ішінен алып шығады.
– Балалар қызығушылық танытады, қуанады.
Тентекгүл мен Сайқымазақ балаларға рахметтерін айтып, еңбектері үшін үрілмеген шарларды сандықтың ішінен алып шығып, балаларға сыйлайды.
Сайқымазақ пен Тентекгүл балалармен қоштасып кетеді.
Балалар ризашылықтарын білдіріп, қоштасады.
– Балалар бүгін бізге қонаққа кімдер келді?
– Сайқымазақ пен Тентекгүл.
– Сайқымазаққа қалай көмектестік?
– Сайқымазақ Тентекгүлді өз мерекесіне ертіп бару үшін, шардың суретін салып, сыйладық.
– Иә, балалар сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер. Әр түрлі шарлар салдыңыздар, қараңыздаршы, айнала түрлі-түсті болып құлпырып кетті.
– Балалар салған суреттерін көрмеге іліп, өздері баға береді.
– Сау болыңыздар, балалар! – До свидания, Good bye.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: мереке туралы мәліметтермен танысады:
Қандай түсініктерді игереді: есте сақтау қабілетін дамытады, шардың суретін салуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: пішіндерді атап, ажырата білуге дағдыланады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив