24
октябрь
2022
25 қазан Республика күні. Мақсаты. Балаларды өз Отанына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту. Құрметпен қарауға тәрбиелеу.
«Биыл Мемлекет басшысы Республика күні мерекесін қайта жаңғыртып, оған «ұлттық» мәртебесін берді. Ұлттық мереке тұжырымдамасы аясында қалалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Республика күніне орай қалада 200-ден астам түрлі форматтағы шара ұйымдастырылады. Оның жартысы өтті. Сонымен қатар әр ауданда түрлі салада қызмет етіп, еңбегі сіңген мамандар мен ерлік жасап ел ықыласына бөленген азаматтар марапатталады», - деді Астана қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.