"Конституция күні" Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
1995 жылы қазақстан халқы өзінің тарихи таңдауын жасап, мемлекеттің даму жолын анықтады. Бұл оқиға барлық қазақстандықтар үшін берік іргетасын қалауға, жаңа қоғамды көтеруге жол ашты.
Еліміздің ұлтаралық бірлігі мен татулығы шет елдер үшін үлгі болып табылады. Қазақ елінің топырағында біртұтас шаңырақтың астында 140 ұлттан артық өкілдер достық ахуалында тұрады.
Бүгінгі таңда біз Ата Заңның арқасында заманауи мемлекетті орнатуға, ата-бабамыздың көпғасырлық үмітін тәуелсіздік пен бостандыққа ынтасын шындыққа айналдырдық деп мақтанышпен айта аламыз.
Ата Заңның ережелеріне негізделе біз қоғамда бейбітшілік пен тыныштықты орнатуға, адамдардың шығармашылық, зияткерлік және кәсіптік әлеуетін іске асыруға, әрбір адамның дәулетін қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға тырысамыз.
Баршаңызды шын жүректен Қазақстан Республикасының Конституция Күнімен құттықтаймыз. Сізге және сіздің отбасыңызға зор денсаулық, бақыт, дәулет, табыс және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жетістіктерге жетуді тілейміз!