Ұстаздар мерекесі құтты болсын! » №23 "Жас даурен"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№23 "Жас даурен" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
03
октябрь
2022

Ұстаздар мерекесі құтты болсын!

Ардақты да, аяулы  ұстаздар қауымы! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Ұстаздық – ойласаң, ой жетпейтін, сөйлесең – сөз жетпейтін ұлы мамандық. Ұстаздың күнделікті көзге көрінбейтін,  елеусіз еңбегі ел болашағын қалыптастырады.

Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» — деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Ұстаз.  Сондықтан, білім көшін алға жылжытып келе жатқан ұстаз қауымына құрмет пен сый ешқашан төмендемейді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив